Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Атамұра» баспасы шығарған «Әдебиеттік оқу» кітабында Әлиянің есімі 11 рет Лия деп берілген

9 мамыр – Жеңіс күні жақындаған уақытта, Әлия Молдағұлованың есіміне қатысты дау қайта туындады. Өйткені, «Атамұра» баспасы шығарған «Әдебиеттік оқу» кітабында Әлиянің есімі 11 рет Лия деп берілген. «Бұндай мәтінді «Шығыс шынары» атты кітаптан алдық», – деген баспа, – «Әлиянің азан шақырып қойған аты Ілия екен, ол семит тілдерінде Жаратушы мағынасын береді» деп түсіндірді. Мектеп оқулықтарындағы өзге де даулы тақырыптарды Жанар Жолтаева біліп көрген еді.

850109

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Журналист Жұмаш Кенебай немерелерінің оқулығын ақтарып отырып, орыс тілінен тікелей аударылған, ұйқассыз ойлар мен шалағай сөздердің өріп жүргеніне налиды. Бұл аздай, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың есімі де қате жазылған -дейді. Қазақ мектебінің төртінші сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» кітабында жауынгер жайлы жазылған әңгіме Әлия деп басталып, аяғына дейін Лия деп жалғасып кеткен.

«Әлгі оқулық бүй деп басталады Әлияны Артек пионер лагеріне жіберу туралы әңгіме шығып еді дейді де, ары қарай Лия, Лияның, Лияны, Лия рұқсат, Лияға қарап, Лия үндемеді деп, бұл не сонда. Ол Лия деген мен білемін, соғыс кезінде орыстың тілі келмегеннен, тіпті қасақана қазақты менсінбегеннен кейін Лия деп атаған», – дейді журналист Жұмаш Кенебай.

Ал «Атамұра» баспасы үзінді 1973 жылы жарық көрген Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты өмірбаяндық повесінен өзгертілмей алынды -деп отыр. Әлияның азан шақырып қойған аты – Ілия болған, орыстар оны Лия деп кеткен, автор аталмыш тарихи оқиғаны қаз қалпында жазып шыққан. Алайда мәтіннен үзінді алғанда, оқушыға оны түсіндіріп өтпеу біздің ағаттығымыз дейді Жұмабай Қайранбай.
«Мен оның Ілия екенін бүгінгі күнге дейін білген емеспін. Сондықтан мен оған апарып Ілия деп тіркей салуға ақылым да, жүрегім де жетпейтін еді.

Ал мынау өзге баспаның өнімі. «Бейнелеу өнері» пәнінің жұмыс дәптерінен алынған суреттер. Бірінде -шіркеу, екіншісінде – орыстың князьдары, яки православиенің әулиелері бейнеленген икон. Қазақ мектептеріне арналған оқу құралдары осымен не дәріптемек -деген ата-аналардың орынды сұрағын Білім және ғылым министрлігіне қалдырдық», – деп қосады «Атамұра» баспасы шығарған «Әдебиеттік оқу» оқулығының редакторы Жұмабай Қайранбай.

Талқылау