Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер көп өмір сүрмейді деген шақалақ шала туса да тірі қалды (фото)

Молли 470 г салмақпен туылған. Оның 34 жастағы анасы Стефании мен әкесі 38 жастағы Джеймске дәрігерлер “қыздарыңыз көп дегенде 3 апта өмір сүреді” деп хабарлаған.

Фото: dailymail.co.uk

Молли Перрин 27 сәуірде, 6 айлық болып туылған. Оған туылмастан бұрын дәрігерлер плацентаның патологиясы диагнозын қойған.  Оны туыла салысымен сәбилерге арналған интенсивті терапия бөліміне алып кетеді.

Оның кішкентай болғаны соншалық қолдары әкесінің неке жүзігіне сыйып кеткен. Барлығына қарамастан Молли қиындықтармен күресе алатынын дәлелдеді. Туылғанына 3 апта өткеннен кейін ата-анасы оны қолдарына ұстаған.

Бұл суретте Моллидің әкесі алғаш рет оны қолына ұстап тұр. Ол кезде Моллидің туылғанына 25 күн болған. Бірақ оның кішкентай, нәзік және әлсіз болғаны соншалық қолы әкесінің жүзігіне сыйып кетеді.

Бұл жерде Молли 17 апталық. Ата-анасы оны үйге алып кетуге дайындалып жатыр.

Моллиға “дамудың кешігуі” диагнозы қойылды. Мерзімінен бұрын туылса да, 2,5 кг салмақ жинай алды.

Дәрігерлер оны 3 аптадан артық уақы өмір сүрмейді деген болатын.

Бұл суретте оған 17 апта. Ол ақырындап салмақ жинау үстінде. Ата-анасы үйге алып кететін уақыт та жақындап қалды.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстанда биыл 11 рет теракт жасалмақ болған

Бойжеткен порноактрисаға ұқсау үшін 30 рет ота жасатқан

Ғалымдар ет жеудің көңіл-күйге тікелей әсер ететінін анықтады

Талқылау