Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

46 жыл бойы гамбургермен ауқаттанған ер адам өзінің жағдайы туралы айтып берді (видео)

АҚШ-тағы Висконсин штатының тұрғыны Дон Горске өз өмірінде 30 мың гамбургер жеп, Гиннесс кітаптарының жаңа рекордын орнатты.

46 жыл бойы гамбургермен ауқаттанған ер адам өзінің жағдайы туралы айтып берді (видео)

Бұл туралы WBAY телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам гамбургерді алғаш рет 1972 жылдың мамыр айында жеп көрген. Оның сөзінше, сол уақыттан бері оның жейтін тағамдарының 90 пайызы гамбургерден тұрған екен. Осыншама жыл ішінде ол сүйікті асын 8 күн ғана жемегенін айтты.

Дон Горске 46 жыл бойы күніне кемінде 2 гамбургер жеген. Осы уақыт ішінде ол аталған фаст-фудқа 80 мың доллар (26 млн теңгеден аса) жұмсаған.

64 жастағы ер адамның айтуынша, оның қан қысымы мен холестеринінің деңгейі қалыпты екен. Сонымен қатар ол тұрақты түрге дәрігерлерге қаралып тұрады.

Алайда оның психикалық бұзылудан зардап шегетіні белгілі.

Оқи отырыңыз:

Путин Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті

Үйлену тойына келе жатқан қалыңдық отырған тікұшақ құлап, өртеніп кетті (видео)

Өзінің миллионер екенін жариялаған әйел 118 баланы асырап алғаны үшін тұтқындалды

3 тонналық көлікті сүйреген 5 жасар бала жұртты таңдай қақтырды (видео)

Талқылау