Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

1992 жылы Барселонада олимпиада чемпионы атанған Оксана Чусовитина тіреп секіруден әлем чемпионатының финалына шықты.

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

42 жастағы өзбек спортшысы жарыстың финалдық кезеңіне іріктеу сайысында 14,349 баллмен сегізінші орын алып өткен.

“Секіру қиын болмағанымен, мен бүгін бәрібір қобалжыдым. Үш апта бұрын балтыр бұлшық етім жыртылып, осы жарақаттан кейін ұзақ уақыт жаттығу жасай алмаған едім”, – деді спортшы.

Германия мен КСРО құрамында үш рет әлем чемпионы, Европа чемпионы деген атақты иеленген Оксана жеті Олимпиадаға қатысқан спортшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген.

“Бұл менің спортты соншалықты сүйетіндігімнен болса керек. Иә біреулер мені әже деп атайды, бірақ жарыс кезінде бәрі бірдей. Сенің жасыңның қаншада екені маңызды емес”, – дейді Оксана.

Оқи отырыңыз:

Головкин «Канеломен» айқасынан кейін P4P-рейтингінде түсіп қалды

Астанада жоғары лауазымды спорт шенеунігі ұсталды

Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын

Футболдан Қазақстан құрамасы Румынияға “Өзбекстан” деген жазуы бар ұшақпен барды (фото)

Талқылау