Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42 жастағы анасы мен қызы бір күнде босанып дәрігерлерді таң-тамаша етті

42 жастағы сириялық әйел мен оның туған қызы бір күнде босанды. Екеуі де Түркия перзентханаларының бірінде кесаревоның көмегімен босанған. Фатма мен Гаде ұлдарын Реджеп және Тайып деп атады.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Бүгін Түркияның Конье қаласында 42 жастағы Фатма Биринчи мен оның туған қызы Гаде Биринчи бірге босанды. Анасы мен қызы осыдан үш жыл бұрын отандарынан қашып келген екен. Жаңа елге келген бетте өздерінің жүкті екендерін білген.

Жаңа туған сәбилерге Түркияның алғашқы президенттерінің біріне ұқсатып Реджеп және Тайып деген есім берген.

“Мен бұрын-соңды мұндай жағдай туралы естімеппін. Олар соғыстан қашып, біздің елімізде үш жылдан бері тұрып жатыр екен”, – дейді дәрігер Еркан Аташ. Ал гинеколог дәрігер Нэйм Ансэл бұл оқиғаны “таңғажайыппен” теңестірді. Әзірге ұлдардың әкелері қайда екендері белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Нанды бір қолмен үзу дұрыс па?

Атыраулықтар жанармай стансаларынан бензин таппай жүр

Кейуана: Қарттар үйіне келгелі көзімнен жас, көкірегімнен шер кетпеді

Бекболат Тілеухан қазақша сөйлемейтін депутаттарды тексіздер деп атады

Талқылау