Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

41 жыл бұрын перзентханада ауысып кеткен екі канадалықтың хикаясы

Тейт пен Свенсон өздерін перзентханада ауыстырып жібергенін білгенше жақсы таныс болған.

ымым

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кішкентай канадалық калашықтың екі тұрғыны 41 жыл бұрын өздерін перзентханада ауыстырып жібергенін білді.

Леон Свенсон мен Дэвид Тейт Манитоба провинциясындағы негізінен байырғы кри халқы қоныстанған 5 мың адам өмір сүретін ауылда тұрады. Олар бір-бірін жақсы таниды.

Екеуі де 1975 жылы Norway House Indian Hospital ауруханасында дүниеге келген: Свенсон 31қаңтарда, ал Тейт 3 ақпанда. Сол уақыттағы аурухана жұмысын федералды үкімет басқарған. ДНҚ тесті олардың перзентханада ауысып кеткенін, олардың биологиялық емес ата-ана қолында тәрбиеленгенін анықтады.

Тестілеу нәтижесі жарияланған баспасөз конференциясында екі ер адам да жылауға шақ қалды. Тейт өзін өсірген адамдардың үнемі ата-ана болып қалатынын, тек тағы бір ата-ана мен бауыр тапқанын мәлімдеді. Енді олар «үлкен отбасы» ретінде араласып тұратындарын жеткізді.

Талқылау