40 жасында бала сүйген келіншек кәрі қыздарға кеңес берді

Сейсенбі, 23 Тамыз , 2016 17:22

Ақтөбеде 35 жасында тұрмысқа шығып, 40 жасында алғаш ана болған келіншек қуанышымен бөлісті.

әйел

Бұл туралы “Ақтөбе жаңалықтары” жазды.

« Күйеуіммен 35 жасымда таныстым. Оның қарындасымен бір жерде жұмыс істейтін едім. «Ағаммен таныстырамын» деген соң келістім. Бірақ біраз жасқа келіп қалған соң отбасылы болып, ана атанамын-ау деп ойлаған емеспін. Басыма жазылған тағдырға көніп, кәрі қыз болып жүре беремін деп ойлайтын едім. Қазір тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар көп. Сену керек, өзіңе, өзгеге мүмкіндік беру керек. Тағдырдың өз сыйы болады екен. Ол кісімен танысқаннан кейін бір жылдай сөйлесіп жүрдік. Өзі 40 жаста, ол да мен секілді жүріп қалған екен, үйленбеген. Біз бас қосып, отбасы болуды ұйғардық», — дейді Индира Күлтемірова.

Келіншек алғашқы жүктілігінде баласын сақтай алмағандығын айтады. Төрт жыл емделгеннен кейін қайтадан сәби көтерген. Өзі 40 жасында, жолдасы 45 жасқа келгенде көрген балаларының атын әкесі Ақжол деп қойған.

«Балалы болатынымызды білгенде күйеуіміз екеуміз қатты қуандық. Бірінші жүктілігім сәтсіз аяқталғаннан кейін есейіп қалған бізде енді бала болмайды-ау дегенді де ойладық. Бірақ Алла маған отбасылы болу бақытын бұйыртса, сәби сүю бақытын да көрсетер деген үмітім болды. Бәріне сену керек екен. Біз бақыттымыз», — дейді келіншек.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар