Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жастағы қалыңдық өз тойында марқұм ұлымен “қайта қауышты”

40 жастағы аляскалық Бекки Тернидің өмірі қуанышқа толы деп айту қиын. 2015 жылы 21 қазанда оқыс оқиға салдарынан ұлынан айырылып қалған болатын. Осыдан кейін жақындары ристон Гриннің жүрегін Якоб Килбу есімді жігітке береді. Алайда Бекки әлгі жігітті өзі танымайтын еді.

Бұл туралы fishka100.ru басылымы жазды.

Екеуі Бекки екінші рет тұрмысқа шыққан кезде танысады. Неке қию рәсімі кезінде әйел бір орындықты бос қалдыруды өтінген екен. Яғни ол орындықты баласына арнап алып қалғанын айтқан.

Беккидің күйеу жігіті Кэлли оған арнап тосын сый әзірлемек болған. Ол желіден Якобты тауып, оны тойға шақырған. Беккидің ұлының арқасында тірі қалған 21 жастағы жігіт бұл ұсынысқа бірден келіскен.

Кэлли оны алтыншы жүргізуші ретінде шақырған. Соңғы сәтке дейін алтыншы куәгердің кім екенін жұрттан жасырған.

Тосын сыйдың уақыты келді. Кэлли Беккиді әлгі жігітпен таныстырады.

Бекки сол жерде көз жасына ерік беріп, жылап алады.

Тіпті, стетоскоптың көмегімен ұлының жүрегінің соғысын тыңдайды.

“Мен қатты таңқалдым. Кішкентай бала секілді жылап алдым. Тіпті, бір орында тұра алмай секіріп кеттім. Маған ешкім дәл мұндай тосын сый әзірлеген емес. Мен өзімді Жаңа жылда сыйлық ашып жатқан баладай сезіндім”, – дейді Бекки.

40 жастағы қалыңдық тойда түскен суреттерін желіде бөлісіп жұрттың жүрегін елжіретті.


Жіберіп алмаңыз:

Жапон ауруханасындағы тамақтар желі қолданушыларын таңғалдырды (фото)

Студент қыз өзімен төсектес болғысы келетін жігіттермен суретке түсіп жүр (фото)

Аралары 60 жас: Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қос ғашық

49 жастағы «әже» Инстаграмдағы ең сексуалды әйел атанды (фото)

Талқылау