Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жасқа толған Бүркіт Түркияда өнердегі әріптестерінің басын қосты (фото, видео)

Күні кеше 40 жасқа толған Бүркіт меншікті мерекесін Түркияда атап өтті. Бір қызығы, өзге мемлекетте өткен туған күн кешіне қазақстандық жұлдыздар қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

40 жасқа толған Бүркіт Түркияда шоу-бизнестегі әріптестерінің басын қосты (фото, видео)

Олардың қатарында Мейрамбек Бесбаев, Ернар Айдар, Ләйлә Сұлтанқызы сынды танымалдар бар. Олар Түркияның Анталия шахарына кезекті демалыстарын өткізуге барған ұқсайды.

40 жасқа толған Бүркіт Түркияда шоу-бизнестегі әріптестерінің басын қосты (фото, видео)

Бұл ретте Ләйлә Сұлтанқызы туған күнде болған қызықтар жайлы айтып берді.

“Мейрамбек айтпақшы, осы құраммен шақырсаң Алматы, Астанада бас қоса алмайтындар алыста жүріп Бүркіттің туған күнін тойлап тастадық. Тағы да туған күніңмен Айбек, сонау 2000 басында “Ләйлә, әлі-ақ танымал болам” дегенің есімде. Жарайсың. Еркек айтты.

40 жасқа толған Бүркіт Түркияда шоу-бизнестегі әріптестерінің басын қосты (фото, видео)

Ұл-қыздарыңның бақытына тоймай жүре бер. Ал, кештің гүлі Ернар Айдар мықты тамада екен, күлкісін айтсаңшы. Не болса да, бастысы шынайы көңіл, көңілді отырыс болды” – деп бөлісті ол.

40 жасқа толған Бүркіт Түркияда шоу-бизнестегі әріптестерінің басын қосты (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау