Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40-тан асқанда алғаш рет әке атанған танымал әнші 7 балалы болғысы келетінін айтты

40-тас асқанда өзінен 20 жас кіші арумен шаңырақ көтерген әнші Сержанәлі Әлібек таяуда әке атанған-ды. Қуанышын айтып, сүйінші сұраған әнші бүгінде жұбайы мен тұңғышын перзентханадан шығарып алыпты, деп жазады Stan.kz.

40-тан асқанда алғаш рет әке атанған танымал әнші 7 балалы болғысы келетінін айтты

Әншінің айтуынша, өзінің анасы немересіне Мұхаммедәли деген есім беріпті.

«Апасы есімін Мұхаммедәли деп қойды. Енді бала сол кісілердікі ғой. Бізге жетіншісі де болады. Ең бастысы, Алла деніне саулық берсін, анасына Алла күш-қуат берсін», – деп қуанышымен бөлісті әнші Instagram-парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің отбасына ақжарма тілектерін жаудырып, сәбиінің амандығын тілесті.

Айта кетсек, танымал әнші Сержанәлі Әлібектің алғаш рет әке атанғанын жазған едік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау