Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Отандық кәсіпкер әрі актриса Айғаным Самбайдың тұрмыс құрғанына 4 жыл болған. Ол әр қазақтың қызы ұқсап бала сүюді армандайды, алайда талай дәрігердің табалдырығын тоздырса да, әзірше ол арманына қол жеткізе алар емес. Жас келіншек жан сырын ақтарып, 4 жылдан бері бала сүю үшін қандай амалдарға барғанын баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

4 жылдан бері бала сүйе алмай жатқан қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Фото: Instagram/aiganym_sambay

“Менің шындығым… Біз 4 жылдан бері некедеміз, нақтырақ айтатын болсам, 30 сәуір күні біздің үйленгенімізге төрт жыл толады. Біздің сәбилі болуымызды бүкіл әлем күтіп жүргендей… Сенбейтін шығарсыздар, оны мен де күтіп жүрмін, бірақ әлі де үмітімді үзбеймін”, – деген әйел осы уақыт аралығында туыстарының тарапынан талай “қудалауға” ұшырағанын айтады.

“Елдің сөзіне етім үйренді” деген Айғаным бүгінде айналадағылардың сынына мән бермеуге үйренген. Ол балалы болудың түрлі амалдарын іздеуде. Бұл орайда Айғаным жасанды ұрықтандыру жолын да қарастырған. Алайда күйеуі қарсы болғандықтан, нақты қадам жасай алмапты.

“Өзіңнің қолыңнан келеді деп күйеуім рұқсат бермеді. Мен емделдім, күттім. Қаншама дәрігердің табалдырығын тоздырдым, дәрі іштім. Осы аралықта 4 жылдың қалай зулап өте шыққанын түсінбей қалдым”, – дейді Айғаным.

4 жылдан бері бала сүйе алмай жатқан қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Фото: Instagram/aiganym_sambay

2017 жылдың соңында келіншек ауыр күйзеліске ұшырағанын айтады. Нәтижесіз аяқталған сансыз талпыныстар, операциялар Айғанымның жүйкесін тоздырған. Бұл орайда ол қайтадан күйеуін ЭКО жасатуға көндіруге тырысқан.

“Күйеуіме “Эко және Ислам” деген видеоны көрсеттім, күйеуім Аллаға сенетін адам. Эконы – күнә деп ойлап келіпті. Ұзақ ойланып, көз жасыма қарап, күйеуімді көндірдім. Сонымен көптен күткен арманыма қол жеткізу үшін дайындала бастадым”, – деп жалғады сөзін Айғаным.
Араға бір ай салып, әйел экоға дайындықты бастаған.
“Әр айда етеккірім келмес бұрын қатты қобалжитын едім. Бірақ бұл айда ерекше толқыдым. Себебі эко процессін бастау үшін сол бір “қиын күндерді” күтуге тура келді. Бір күнге кешіккенде, қатты қобалжыдым”, – дейді Айғаным.

4 жылдан бері бала сүйе алмай жатқан қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Фото: Instagram/aiganym_sambay

Бұдан кейін Айғанымның аяғы ауырлаған. Айғанымның қуанышында шек болмады. Алайда “төрт жыл күткен арманыма қолым жетті-ау” деген кезде әйелдің етегі тағы жасқа толды.

“Араға екі апта салып жүктілігім расталды. Күйеуім екеуміз сәбиімізді Узиден көргенде ғана сендік. Ол біздің баламыз еді. Дәрігер тағы да екі аптадан кейін келіп, оның жүрекқағысын тыңдайсың деді. Бұл екі апта мен үшін ең ұзақ әрі ең бақытты кезең болды. Тіпті, арасында жүрегім айнитын. Күйеуім алақанында ұстады. Күн сайын неше түрлі тәттілер әкеле бастады. Мен нағыз Еркетотайға айналдым. Сонымен дәрігерге келетін күн де келіп жетті. Қатты толқыдым. Бірдеңенің бұрыс екенін сезгендей болдым. Мен үшін ең ауыр күн осы еді”, – дейді Айғаным.

УЗИ кезінде дәрігер құрсақтағы сәбидің шетінеп кеткенін жеткізген.

4 жылдан бері бала сүйе алмай жатқан қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Фото: Instagram/aiganym_sambay

“Бұдан ауыр сөз ешқашан естіген емеспін. Түсіне алмадым, неге мен? Неге Құдай беріп, қайта алып қойды? Неге бұл нәрсе дәл менің басымнан өтіп жатыр? Бірақ кейіннен бұл Эко жасатпауға жоғарыдан берілген белгі деп ұқтым. Құдай менің қолымнан келетінін ұқтырды. Тек сол сәтті күту керек. Әлі бәрі де алда. Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын. жемек, мен өздігімнен жүкті бола аламын. Мұның өзі жеңіс. Салымды суға кетірмеймін. Көптеген адамдар мені мансап қуған деп ойлайды. Бірақ маған сенсеңіздер, балалы болу үшін бәрін жасап жатырмын. Демек оның уақыты келген жоқ. Бәрі де болады. Бәрі жақсы болады. Бұл менің шындығым. Кейде іштегіні айтқан да жақсы”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Тағы оқыңыз: 

“Бие – түйенің әйелі” деп жауап берген қазақ жігіті ел алдында масқара болды (видео)

Жүрегі батыстан, өзі оңтүстіктен: Қазақстандық келіншекке ер адамның жүрегі ауыстырылып салынған

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін

Талқылау