Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жаяу жүргіншіні қаққан “Лексус” жүргізушісі көлігін жасырып өзі тығылып қалған

Жол-көлік оқиғасына себепші болған «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі араға бір жарым сағат салып, қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме беріп.

2015-08-31-15-36-15per

«Оқыс оқиға болған жерді жіті тексеру барысында «Лексус» автокөлігінің қалдықтары табылды. Жаңа технологиялардың көмегімен жүзеге асқан тексеру жұмыстары бізге оқиға орнынан ізін суытқан көлікті табуға көмектесті. 1996 жылғы көлік жүргізушісі Алматыдағы Түрксіб ауданынан, өз үйінен табылды. Ол көлікті тұраққа тығып қойған. Қазіргі уақытта автокөлік сотқа дейінгі тергеу амалдары материалдарының қатарына заттай айғақ ретінде қосылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі, іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Еске сала кетейік, жол-көлік апаты кеше түнде Рысқұлов даңғылында орын алды. Полиция анықтағандай, BMW көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 2 әйел мен 2 ер адамды қағып кеткен. Алған жарақаттар салдарынан олардың бәрі оқиға орнында қаза тапты.

Жіберіп алмаңыз:

Газ бен тежеуішті шатастырып басқан ақтөбелік әйел жүргіншіні қағып өлтірді

Шымкентте жас жұбайлар өздерінің үйлену тойында апатқа түсіп көз жүмды

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Талқылау