Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жасар қытайлық бала екі апта бойы 500 шақырым жүріп Пекинге жеткен

39 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Чжан Цзюнгуан мен оның 4 жасар ұлы Чжан Цзябо Пекинге жету үшін роликпен 500 шақырым жол жүрген. Олар роликпен қалаға екі апта жүріп барған.

father-son-rollerblading-to-beijing-2

Сурет: Weibo

Пуян қаласының тұрғыны Пекинге барып, Тяньаньмэнь алаңындағы туды түсіру салтанатына қатыспаққа бекінеді. Ол қалаға жету үшін өзі 20 жыл бойы теуіп келген роликпен баруды ұйғарады.

22 наурыз күні таңертең Чжан мен ұлы ролик киіп жолға шыққан. Әр күн сайын олар 30 шақырымдай жүріп отырған. Әкесі ұлының 2 жасынан бастап ролик теуіп үйренсе де, жол бойында жылағанын айтады.

0_1743ff_410a6a1b_orig

Сурет: mc.hertzbeat.ru 

Алайда әкесі ұлының жылағанына қарамай әрі қарай жүруін тоқтатпаған. Кейіннен осы сапары жайында желіге жариялап, ұлымен мақтанатынын айтқан. Ол бұл сапар ұлының есінде мәнгі қалатынына, оны батылдандыра түсетініне сенімді.

Әкесі мен ұлы Пекин қаласына жеткен соң Тяньаньмэнь алаңына барған. Олар қаланың өзге де көрікті жерлерін тамашалау үшін қаланы 8 күн бойы аралаған. Ал, олардың үйіне қалай қайтқаны белгісіз.

Талқылау