Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жасар бала ауыр дертке шалдыққан егіз інілеріне донор болып, оларды аман алып қалды (видео)

Филадельфияда 4 жасар бала мерзімінен бұрын туылған егіз інілеріне донор болып, оларды аман алып қалды.

4 жасар бала егіз інілеріне донор болып, оларды аман алып қалды (фото)

Бұл туралы ForumDaily  басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Егіздер Сантино мен Джованни Демаси мерзімінен бұрын туылған. Олардан созылмалы гранулематозды дерті, яғни CGD анықталған.

Егіздердің 9 жасар ағасы Доминик те кішкентай кезінде аталған дерттен зардап шеккен. Оған белгісіз біреу донор болып, бір жасқа толмай тұрған кезінде емделген бала жазылып кетіпті.

4 жасар бала егіз інілеріне донор болып, оларды аман алып қалды (фото)

CGD – иммунитет тапшылығына байланысты сирек кездесетін ауру. Ол организмнің инфекцияға деген сезімталдығын арттыра түседі. Әлемдегі 200 000—250 000 адамның тек біреуі ғана аталған дертке шалдығатын көрінеді.

«Біз бұл дерттің басқа балаларымызда да қайталануы мүмкін екенін білдік. Алайда егіздердің екеуі де осы дертпен туылады деп күтпедік», – дейді егіздердің анасы.

4 жасар бала егіз інілеріне донор болып, оларды аман алып қалды (фото)

Отбасының 4 жасар ұлы Майкл CGD дертіне шалдықпаған. Сондықтан ол өзінің кішкентай інілері үшін донор болып, өмірлерін құтқарып қалды.

Оның ата-анасы мен Балалар ауруханасының дәрігерлері Майклге донор болу туралы толық түсіндіріп, одан бауырлары үшін донор болуға келісетін, келіспейтінін сұраған. Өз кезегінде Майкл келісімін беріпті.

4 жасар бала егіз інілеріне донор болып, оларды аман алып қалды (фото)

Процедура биылғы жылдың мамыр айында жүргізілді. Майкл қажетті тестілер мен процедуралардан өтіп, артынша өзінің сүйек кемігін бауырларына қалай орнатылып жатқанын көруге барған.

«Ол: «Анашым, мен қатты қорқамын, қаламаймын», – деп айта алатын еді. Алайда ол дайын болды. Ол біздің өміріміздегі – қаһарман», – дейді Робин Паунлалл.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау