Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3D-принтерден шығарылған бас сүйек сәбидің өмірін құтқарып қалды

Аустралияда 3D-принтерден шығарылған бас сүйек жаңа туған сәбидің өмірін құтқарып қалды.

Бұл туралы Seven Network басылымы жазды.

Аустралиялық сәби София сирек кездесетін ауру түріне шалдыққан. Мұрны толықтай бітеліп қалғандықтан, тыныс ала алмайды. Осыған орай, хирург мамандар оған 3D-баспа технологиясы арқылы көмектеспек болған.

Дәрігерлер ота жасаудың қаншалықты қауіпсіз екенін түсіну үшін қыздың бас сүйегінің көшірмесін жасап шығарған. Аталған көшірменің арқасында мамандар “ересектерге” арналған хирургиялық құралдардың сәби үшін үлкен болатынын түсінген. Нәтижесінде Софияның отасы сәтті өтті. Енді бүлдіршін толықтай жазылуы үшін оған тағы бір ота жасау қажет.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар: Ұйқы алдында тамақ жеу жүрек ауруларына шалдықтырады

Ғалымдар онкологиялық ауруларды алтынның көмегімен емдемек

Ғалымдар саунаның пайдасы туралы айтты

Қазақстандық хирургтер науқасқа жаңа тіл жасап берді

Талқылау