Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

EgyptAir жолаушыларын кепілге алған азамат ұсталды

Кипрлік күштік құрылым қызметкерлері EgyptAir компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағын кепілге алған азаматты ұстады.

күдікті-ұсталды

Бұл туралы ТАСС басылымы елдің СІМ сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Бәрі бітті. Бүлікші ұсталды»,-деген ведомства өкілі.

Оқиға куәгерлері күдіктінің ұшақтан екі қолын көтеріп түскенін, өзімен бірге ешқандай жарылғыш заттың болмағанын айтқан.

Күдікті берілген кезде ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелерін өз еркімен босатқан. Пилоттың бірі өзі отырған кабинаның терезесінен түсе қашқан.

Талқылау