Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

39 жастағы Рафаиль Гизатуллинді туыстары 3 күн бойы іздеп таба алмай жатыр

Әлеуметтік желісінде 39 жастағы алматылықтың жоғалып кеткені туралы хабар жарияланды. Қазір қалыңдығы мен туған-туысқандары оны жан-жақтан іздестіріп жатыр. Азаматтың хабарсыз кеткеніне үш күн  болған.

жоғалды

 

Бұл туралы bnews.kz жазды.

Қалыңдығы мен достары Рафаиль Гизаттулинді 13 маусымнан бері іздеп жүр. Ер адам осымен үшінші күн жақындарымен байланысқа шықпаған.

«Дүйсенбі күні ол жұмысқа бара жатқанда жалақы карточкасы үшін банкке соғып кетуі тиіс болатын. Есепшотынан 220 мың теңге алуды да ойлаған. Алайда сол күйі жұмысқа келмеді. Онымен тек түнгі үш кезінде ғана сөйлестім. Ол Талғарда досымен бірге екенін айтты. Алайда келесі күні үйге оралған жоқ, досына хабарласқанымда, оның оған бармағанын білдім. Міне, осымен үшінші күн оны таба алмай жатырмыз», – дейді жоғалған ер адамның қалыңдығы.

Оның айтуынша, туған-туысқандары да Рафаильден еш хабар ала алмай отыр. Сол себепті олар оны іздеу үшін Атыраудан Алматыға келуді жөн көрген. Жоғалған азаматтың қалыңдығы Әуезов ауданының ішкі істер органдарына жүгінді.

«Рафаиль Гизатуллинді көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: + 7 707 828 94 34», – деп жазған Гизатуллинның сүйіктісі.

 

 

 

Талқылау