Хуберт З. есімді бұрын Освенцим ұлтшылдар лагерінде санитар болған 95-тегі қария Германия сотының алдында жауапқа тартылады.
Оның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ажал құшқан 3 681 адамның өліміне қатысы болған, деп жазады Би-би-си.
Бұрынғы санитарлар командасының унтер-офицері «өлім лагерінде» 1944 жылдың 15 тамызынан 14 қыркүйегіне дейін қызмет атқарған. Осы уақыт аралығында лагерге кем дегенде 14 эшелон тұтқын келіп түскен. Немістер оларды Франция, Австрия, Нидерландыдан жер аударған.