Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

35 жастағы голливуд актері ағашта асылып тұрған жерінен табылды

30 қаңтар күні Лос-Анджелесте америкалық музыкант әрі актер Марк Саллинг өлі күйінде табылды.

Әртіс үйінің жанында асылып қалған. Деректерге сүйенсек марқұм жіпті қолына өзі байлаған.

Жақындары актердің дүйсенбі күннен бері жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған.

Марк Саллинг пианинода, гитара мен ұрмалы аспаптарда ойнады. 2008 жылы Smoke Signals атты альбомы, 2010 жылы Pipe Dreams атты альбомы жарыққа шықты. “Дети кукурузы 4: Сбор урожая” фильмінде басты рөлді сомдады. «Хор» сериалынынан соң танымалдыққа ие болды.

2017 жылдың қазан айында актер балалар порнографиясын сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнді. Сот отырысы 2018 жылдың наурыз айында өтуі тиіс болған.

Тағы да оқыңыз:

Анасы шынжырлап ұстап отырған әйел көз жұмды

Ғалымдар маймылға адам ұрығын салып будандастырған

Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды

Талқылау