Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

33 жыл түрмеде отырған америкалық теңізші кінәсіз болып шықты

Гарвард Ньюпорт-Ньюс қаласы тұрғынын өлтіріп, оның әйелін зорлады деген айыппен темір торға жөнелген. Арада 30 жылдан астам уақыт өткен соң нағыз қылмыскердің оның қызметтесі екені анықталған.

скачанные файлы

Сурет news.sputnik.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Осылайша Виргиния штатының соты 33 жылын темір торда өткізген Кит Аллен Гарвардты босату туралы шешім шығарды. ДНҚ анализі оның кінәсіз екенін айғақтап берген.

Оны кінәлі деп табуға ықпал еткен нәрсе, әу баста әйелді аяғына түскен тістің іздері Гарвардтың тістерімен бірдей болып шыққан екен. Ал нағыз қылмыскер Гарвардтың қызметтесі болған адам 2006 жылы түрмеде қайтыс болыпты. Ол тонау әрекеті бойынша жазасын өтеп жатқан.

Талқылау