Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

32 жастағы жігіт тоғыз жасынан бастап қолмен жүруді үйренген

Эфиопиялық 32 жастағы Дирара Абохой қолымен жүргенді жақсы көреді. Ол тіпті, беліне арқан байлап ауыр дөңгелекті қолымен жүріп сүйреген. 32 жастағы жігіт тоғыз жасынан бастап қолымен жүре бастаған. Кішкетайынан неше түрлі фильмдерді көріп өскен Дирара кинодағы неше түрлі көріністерді шынайы деп ойлап келіпті.

Қолымен жүретін жігіт

«Мен қытайдың және американың фильмдерін көп көретінмін. Онда актерлер барлық қимылды өздері жасайды деп ойлайтынмын. Фильмдегі көріністің бәрі шынайы деген ойда болдым. Содан кейін күн сайын таңертең және кешке үш-үш сағаттан қолмен жүруге жаттыға бастадым»,-дейді жігіт.

Дирара тіпті таулы жерлерде де қолымен жүріп, жоғарыдан төмен түседі. Бұл туралы BBC News хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттың агентігі.

«Мен өнер көрсеткен кезде адамдар оның шынайы екеніне сенбейді. Олар оны қандай да бір сиқыр деп ойлайды», – дейді Дирара.

Қолмен жүруді әдетке айналдырған жігіт Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді. Бірақ оның бұл өнерін анасы құптамайды екен.

«Мен ұлым жалғыз өзі жүргенде абайсыздан құлап, мойнын үзіп алама деп қорқамын»,- дейді Дирараның анасы.

«Отбасым менің әуестігіммен бөліспейді. Бірақ басқа адамдар мені қолдайды. Мен тамақсыз өмір сүре аламын, бірақ сүйікті ісімсіз жүре алмаймын», – дейді жігіт.

Оқи отырыңыз:

Қауіпсіздік иллюзиясы: Атыстан аман қалған оқушылар арнайы сөмкемен жүруге мәжбүр болды (фото)

Дарға асылған азаматтың кінәсіз екені жарты ғасырдан кейін дәлелденді

Финляндияда алғаш рет ер адам дүниеге сәби әкелді

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

Талқылау