Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

32 жастағы қыз жұрттан өзі үшін дұға етуді сұрады

Қазақстандық қыз өзі үшін дұға етуді сұрады. 32 жасқа келген ол ақ боз атты ханзадаға тұрмысқа шығуды армандап жүр екен.

devushka-plate-pole-tsvety-radost

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

32 жастағы Әмина Айдосқызы (есімі өзгертілді) маңдайына жазылған сүйіктісін күтіп жүр. Осы орайда, ол жұрттан өзі үшін дұға етуді сұрады. Өткен өмірі үшін еш өкінбейтінін айтып өтті.

«Қазір жасым 32-де. Тұрмыс құрмағанмын. Мектеп-студент кездер де жігітпен сөйлесіп, көңіл қойған емеспін. Сөз айтып, үйленемін деген жігіттер болды. Бірақ, ол кезде жас едім. Алдымен, оқуымды бітіріп, жұмысқа тұрып алғым келді. Осылай күндер мен жылдардың қалай жылдам өтіп кеткенін байқамай қалдым. Бір жігітке ғашық болып, махаббатым жауапсыз қалды. Кейін сөз салған жігітпен сөйлесіп, араласып жүрдім. Артық жаман әрекетке бармадық. Уақыт өте келе ол жігіттің үйленетін ойы жоқ екенін түсіндім. Белгілі бір себептермен қазір араласпаймыз. Әйел бақытын сезіндіруді Алладан тілеп жүрмін.

Құдайға шүкір, арым таза. Маңдайыма жазылған адамға аманат қылып мені жеткізсе екен. Әрине, 32 жаста қайдағы махаббат деп отырған шығарсыздар. Бірақ, өмірде бәрі болады. Өзіне адал, таза қазақ қыздары баршылық. Әке-шешемнің тәрбиесіне де мың алғыс. Болашақ азаматыма адал болып, бақытты етіп, бірге балаларымыздың қызығын көрсек деген арманым бар. Сол ниетіме тілекшілер табылып, ата-анама қызығымды көрсетсем екен. «Көптің тілеуі – көл» демекші, мен үшін дұға қылып, жақсы жандардың тілегін сезінсем екен. Бәлкім қабыл болып қалар. Сіздердің әрқайсыңыз бақытқа лайықсыздар. Тілектеріңіз қабыл болғай. Алла жар болсын барлықтарыңыз», – дейді Әмина Айдосқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді

Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

Күйеуі денесінің 50 шақты жерін көгерткен келіншек үйіне қайтуға қорқып қалған

Желі арқылы тансықан жігіті зорламақ болған қыз басынан өткен жағдайды баяндап берді

Талқылау