31 желтоқсан күні «Тұлпар-Тальго» пойызына 50% жеңілдік жасалады
«Пассажирские перевозки» АҚ 31 желтоқсан күніне «Тұлпар-Тальго» пойызына барлық бағыттарға 50 пайыздық жеңілдік жасайды
Акционерлік қоғамның таратқан ақпаратында «Жаңа жыл қарсаңында «Пассажирские перевозки» АҚ 2015 жылдың 31 желтоқсаны күні жүретін барлық бағыттағы пойыздарға 50 пайыздық жеңілдік жасайды», – делінген.
Сондай-ақ, 2015 жылдың 23 желтоқсаны мен 2016 жылдың 10 қаңтары арасында 51%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылады.
Талқылау