Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

31 мың доллар: Жүрсін Ерман құмар ойындағы ең үлкен ұтысының мөлшерін айтты

Айтыс жанашыры Жүрсін Ерман құмар ойын ойнап алған ең үлкен ұтысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап. 

Таныстарының арасында Жүрсін Ерманның жақсы ойыншы екені жиі айтылады. Журналист үшін казино демалып, тынығып қайтатын, лажы келсе ұтып алуға да мүмкіндік болатын орын сыңайлы. Біздегі құмар ойынға қорқынышпен қарайтындарға қаражат болса, демалып тұру керек деп ашық айтты ол.

"Бильярд, карта ойнаймын. Казиноға да барып тұрамын. Мен мемлекеттік қызметкер емеспін. Қолымда ақшам болса, көңіл-күйім жақсы болса бара саламын. Оны ешкімнен жасырып та жатқан жоқпын. Ақшам болса, бүгін де баратын едім, бой жазып. Бізде құмар ойындар деп жұрт жеккөрінішпен қарайды. Еуропада жұрт тынығуға барады. Музыка тыңдап, бір-бірімен шүйіркелесіп, дәмді ас ішіп демалады. Мен екеуіне де барамын. Ығайы келсе ұтқым келіп тұрады", - дейді Жүрсін Ерман. 

Құмар ойын ойнайтынын жасырмайтын журналист ең көп ұтысының мөлшерін айтты. Соңғы кездері денсаулығына байланысты казиноға көп бас сұға бермейтін ол мүмкіндік болса кез келген күні баруға дайын екенін де жасырмады. Көп қаражатын ұтқызып көрмеген Жүрсін Ерман ақшам жоқ деп ақталды.

"Ең үлкен ұтысым 31 мың доллар. Ұтылатындай көп ақша жоқ қой. Шамамен бір мың, екі мың доллар салып барамын. Бұл ұтыста жол болып кетті. Аяқ астынан екі кештің ортасында бардым. Сол маған шықты. 2012 жылы 12 наурызда джип ұтып алып, балаларға келіп алып кетіңдер дедім. Немерем мектеп бітіріп жатыр еді, соған мінгізе қойдым, жақсы болды. Соңғы рет үш ай бұрын бардым. Денсаулығым болмай жүр", - дейді Жүрсін Ерман.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр