Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

 Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие.

құрбандар

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Кезінде біздің Республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.
«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі – 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

Талқылау