Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

300 қызылордалық баспаналы болды

Бүгін Қызылордадағы «Астана» шағын ауданында 300 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды көптен күткен қоныс тойларымен құттықтады.

20170211191056

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл – біздің басты жетістігіміз. Соңғы үш жылда облыста құрылыс 3,5 есеге, Қызылорда қаласында 8 есе өсті. Бүгінгі күнге дейін «Астана» шағын ауданында көпқабатты 17 тұрғын үй салынса, осы жылы 16 үй бой көтереді”,- деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» шағын ауданындағы үйлердің құрылысы  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 2015 жылы – 7, өткен жылдың мамыр айында 5 үй пайдалануға берілді.


Жіберіп алмаңыз:

Жаңа Зеландияда тағы 200 дельфин жағалауға шығып қалды

Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін

Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Талқылау