Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жерінен пышақтаған: Қарағанды облысының тұрғыны сүйіктісін азаптап өлтірді

Қарағанды облысында сот айыпталушының 14 жылға бас бостандығынан айырды.

Айыпталушы сүйіктісімен наурыз айында айырылысқан. Олар есірткі дәрісіне көп жылдан бер тәуелі болды. Бір күні айыпталушы бойжеткенді ұрып тастағандықтан, ол құрбысының үйіне тұруға кетеді. Олар кездесіп жүрген. Бірге есірткі шеккен.

2 наурыз күні кезекті рет есірткі шегіп, жігіт қызды ұрып тастайды.
“Мен оған келдім. Бірге қыдырдық. Кейін подъезге кіріп, есірткі ектік. Сәлден соң қайта шықтық. Менің тамырым жоқ болғандықтан ол маған үнемі егіп жүрді”, – дейді жігіт.
Қыздың мәйіті 2 сәуір күні жарамсыз қалған гараждан табылды. Оның денесінде 30 пышақ ізі болды. Тірі қалуы мүмкін емес еді. Тергеушілер келгенде жігіт қылмысын мойындаған. Қыз телефон арқылы балағат сөйлегендіктен өлтіргенін айтқан.
Талқылау