Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жастағы сиамдық Скутер жер бетіндегі ең кәрі мысық атанды (фото)

Техастық Скутер есімді мысық Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең кәрі мысық ретінде енді. Ол 1986 жылы 26 наурызда туыпты.

ыыыыы

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Скутер жақында ғана өзінің 30 жасын атап өтті. Оның қожайыны Гейл Флойд Скутердің тағдыры қиын болған дейді. Өмірге келгеніне төрт апта болған кезде анасынан айырылған. Ал 2014 жылы қазан айында табанын жарақаттап алған. Сол себепті әлі күнге дәрігерге көрсетіп тұрады.

Флойдтың айтуынша ол мысығымен бірге көп саяхаттайды екен. Қазірдің өзінде 50 штаттың 45-іне барып қыдырып келген. “Ол адамдарды және жаңа жерлерге барғанды жақсы көреді”, – дейді Флойд. Мысығы үшін салауатты өмір салтын қалыптастырған иесі, тіпті жуып болғаннан кейін жүнін арнайы құрғатқыш құрылғымен кептіріп береді екен.

Талқылау