Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жастағы келіншек өзін асқан қатыгездікпен сабаған ата-анасы туралы айтып жылады

30 жастағы келіншек әке-шешесінің өзін асқан қатыгездікпен сабаған күндерін еске алып жылады. Олар келіншекті қолына түскен затпен ұратын болған екен. Тіпті, бір күні бетіне арқан лақтырып, «асылып өл» деп ұрысқан. Арада көп уақыт өтсе де, келіншек сол қорқынышты күндерді әлі күнге дейін ұмыта алмай жүр екен.

76971

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Отбасылық өмірімде болып жатқан жайтты бөлісіп, анамның маған жасаған иттігі туралы айтып бермекпін. Осыдан 30 жыл бұрын дүниеге келген едім. Шамамен 2,5-3 жасымнан бастап анам күнделікті сабап, ұрғаны әлі күнге дейін көз алдымда тұрады. Көзімді жұмсам да ұмыта алар емеспін. Күн сайын мені кінәлап қолына түскен таяқ, оқтау, қазан, көсеу, белдік сынды нәрселермен қатты ұратын. Әрдайым боғауыз сөздер айтып, өлім тілейтін. Мені, тіпті, мектепке оқытқысы келмеді. Әкеммен ұрыс іздеп қалаға қашып, мені үйге тастап кететін. Әкем болса мені анамның туыстарына апарып тастап, өзі ішіп кететін. Қамымды ойлап, қамқорлық көрсеткен әке-шешем жоқ. Өстіп жүріп 4 жыл өте шықты. Арада бауырым дүниеге келген болатын.

4-сыныпта өте нашар оқыдым. Миыма ешнәрсе кірмейтін. Тіпті, әріп танымайтын кездерім болатын. Анам жанжал шығарып, бір жасар бауырымды әкем екеуімізге қалдырып кететін. Осыдан кейін әкем бауырым екеуімізді ауылға апарып тастамақ болды. Бірақ, анамның ағасы «Балалар сендердікі. Бұдан былай әкелуді доғарыңдар» деп қуып жіберді. Әкеміз ішіп жүрген кезде бауырым екеуіміз апталап үйде қалатын едік. Арасында әкем де бар өшін менен алатын. Үй шаруасы, бала мен мал, құс, бау-бақша барлығы менің мойнымда. Балалық шақтың не екенін білмей өстім.

5-сыныпта нан пісіріп, көрші екеуіміз дәмханаларға апарып сататынбыз. Арада әке-шешем ажырасып, анам басқа бір азаматқа тұрмысқа шығып кетті. 7-сыныпта оқып жүрген шағымда да әкемнен таяқ жейтінмін. Күні-түні жүріп спирттік ішімдік сататынмын. 11-сыныпта анам екеуіміз қатты ұрысып қалып, «Бар да асылып өл» деп бетіме арқан лақтырды. Асылайын деп тұрған сәтімде өгей әкем құтқарып қалды. Сол өгей әкем туған әкеме қоңырау шалып, мені алып кетуін өтінді. Көп ұзамай Алматы қаласына барып, ақылы түрде ЖОО-ға түстім. Ол жерде де көрмегенім жоқ. Миым оқуды қабылдамайды. Мені қатты сөкпеңіздерші», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек азаматтық некедегі күйеуіне туған баласын мойындата алмай жүргенін айтып жылады

Келіншек күн көрсетпей, іштегі баласымен төркініне әкеліп тастаған өзбек енесін жамандады

Бойжеткен: Абыройымды қорлап, қалағанын жасататын жігітімнен шаршадым

Жаңа өмір бастаған бойжеткен өзіне күн көрсетпеген әкесінің қатыгездігі туралы айтты

Талқылау