Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 тамыз республиканың кей өңірінде өткінші жаңбыр жауады

30 тамыз күні Қазақстанаң солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады және жел күшеюі күтіледі. Қазақстанаң солтүстігінің кей жерлерінде тұман күтіледі.

13735896_651196555039332_628419779_n

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде,  Қостанай, Ақмола, Қарағанды  және  Шығыс  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 күшейеді.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Алматы облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының басым бөлігінде,  Ақмола,  облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талқылау