Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 шілде күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Кей жерлерде тұман болады, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Pogoda2

Тек, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан,Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, бұршақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің  15-20 м/с дейін күшеюі, бұршақ болуы ықтимал.

Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талқылау