30 минуттық ұрыс-керістің денсаулыққа әсері

Жексенбі, 13 Наурыз , 2016 9:11

Ұрыс-керіс – денсаулыққа зиян. Бұндай тұжырымды жұбайлардағы жараның жазылу барысын бақылаған американдық ғалымдар жасап отыр. Жарты сағатқа ұласқан ұрыс сауығу үрдісін кәдімгідей бәсеңдетіп, иммунитетті төмендеткен.

ұрыс

Бұл туралы Islam.kz  сайты жазған.

Мамандардың айтуынша, жанжалдан туған жанұядағы жайсыздық жүрек ауруы бар жұбайлардың ажал құрығына ілігу қаупін екі есе ұлғайтатын көрінеді.

Америкадағы Огайо университетінің ғалымдары «30 минуттық кикілжің жараның жазылуын тұп-тура бір күнге кешеуілдетеді» деуде. Жанұяда болған ұрыс-керіс, дау-жанжал адам организміне кері әсерін тигізбей қоймайды, тіпті, денсаулық үшін де өте қауіпті.

Зерттеушілер біреуі науқас жұбайларға тексеру жүргізген. Сынаққа қатысқан 42 пар жұбайдың жасс мөлшері 22 мен 77 аралығында. Вакуумды насоспен әдейі қатысушылардың қолдарына беті торсылдаған жара түсірілген. Іле бұл жаралар екі мәрте тексеріліп отырған. Біріншісі – жұбайлар өзара сынық қабақ танытып, ұрысып-керіскен кезде. Еркек пен әйел өзара дауыс көтеріп сөйлескен кезде жараның жазылуы анағұрлым кешеуілдеген. Жұбайлар ренжісіп, стресске ұшырағанда, олардағы жараның жарты сағатта жазылуы толықтай алғанда 60 пайызға кешіккен.

Ғалымдардың түсіндіруінше, стресс зақымданған жердегі қанның қабынуға қарсы ақ клеткалары өндіретін белок молекуласы – цитокин өнімін тежейді. Жараның алғашқы жазылу сатысындағы ең үлкен рөлге осы цитокиндер ие, – деп хабарлайды Мембрана. Бұндай тұжырым стресстің иммунитетті төмендететіндігін көрсетуде. Ал, өз кезегінде ондай жайттың дене сауығуын тежейтіндігі даусыз.

«Бұл, расында да, өмір мен өлім мәселесі», – дейді «Американың кардеология журналында» (American Journal of Cardiology) жариялаған мақаласында Пенсильвания университетінің профессоры Джеймс Койн: – Отбасындағы үздіксіз болып тұратын ұрыс-керістер стрессті жағдайға ұшыратады. Бұл, әсіресе, жүрегі сырқат жандар үшін анағұрлым қауіпті».

«Ырың-жырыңнан құлақ тынбай, жиі ыдыс-аяқ сықырлайтын отбасында тұратын жүрек қан тамыры жүйесінде дімкәсі бар адамның ауруы асқынып, инсульт немесе инфарктқа шалдығып, өмірмен қош айтысу ықтималы екі есе көп» деп жазады Russian-bazaar.

Дәрінерлердің айтуынша, әйел мен ер арасындағы жағымсыз ұрыс-керістер балаларға да айтарлықтай кері әсер етеді. 6500 балаға тексеру жүргізген британиялық ғалымдар үнемі әке-шешесінің ұрыс-керісіне куә болатын балалардың жиі сырқаттанатындығын анықтаған. Бұған қоса, стресске жиі тап болған балаларда өсу гормондары да бәсеңдейтін көрінеді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар