Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 келі салмақ тастаған бойжеткен арықтаудың құпиясымен бөлісті

Ару Бұхарбай мектеп кезінен бастап артық салмақтан зардап шеккен. Алайда ұзақ уақыт бойы арыла алмаған. Тек соңғы 3 жылда семіздікпен белсенді түрде күресіп, 30 келі салмақтан арылыпты.

30 келі салмақ тастаған бойжеткен арықтаудың құпиясымен бөлісті
Бойжеткен арықтаудың құпиясымен “Мақпал мекен” бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ару 1-сыныпта оқып жүрген кезінен бастап артық салмақ қоса бастаған. Бойжеткен артық салмақтың ең үлкен себебі – тамақты көп жеу екеніне сенімді. Әйткенмен, адам өміріндегі психологиялық факторлар әсер ететін кездер де болады, дейді ол.

Мәселен, Ару 11-сыныпта оқып жүрген кезде ҰБТ-ға дайындаламын деп көп салмақ қосып алыпты.

“Себебі уайымнан деп ойлаймын. Қобалжып, қолыңа түскен азықты аузыңа сала бересің. Содан семіресің”, – дейді Ару.

Бұдан кейін бойжеткен арықтауының құпиясымен бөлісті.

“Салмақты тез жинаймын да, тез арықтаймын. Диетаны қолға алып, тамақты уақытылы жеп, спортпен айналыса бастасам, бір аптаның ішінде 3 келі салмақты еш қиындықсыз тастай аламын. Ал егер де фаст-фуд жеп, газдалған сусын іше бастасам, дәл сол салмақты қайта қосып аламын”, – дейді бойжеткен.
Ару артық салмақтан арылу үшін адам өзінің ойын өзгерту керек деген сенімде.

“Егер де өзіңді жақсы көрсең, сенің қолыңнан барлығы келеді”, – дейді Ару.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау