Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жыл бойы тек жеміс жеп, 2 жыл тісін тазаламаған әйел адам танымастай өзгерді

Осыдан үш жыл бұрын Тина Сорлос 83 келі салмағымен Варшавада ышпыстырартық өмір сүрді. Ол артық салмақтан арылу үшін жаңа диеталар іздеймін деп, тіпті жеке өмірін де шетке ысырып тастады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

3 жыл бойы тек жеміс жеп, 2 жыл тісін тазаламаған әйел адам танымастай өзгерді

Бүгінде польшалық дизайнер экзотикалық аралда өмір сүреді. Сонымен қатар, ол модель секілді дене сымбатына ие болып, 26 жастағы бельгиялық жігіттің қалыңдығы атанды.

Жақында ғана 39 жасқа толуын атап өткен әйелге бұл жетістікке фруиторианизмге өткеннен кейін жетті. Яғни, ол табиғи жемістерден басқа өнімнің барлық түрлерін тұтынудан бас тартты.

3 жыл бойы тек жеміс жеп, 2 жыл тісін тазаламаған әйел адам танымастай өзгерді

Польшадан шыққан 39 жастағы Тина Стоклоса және бельгиялық 26 жастағы Симон Бью тек табиғи жемістерді ғана тұтынады. Олар шикі жемістерді бірнеше жыл бойы жеп келеді.

3 жыл бойы тек жеміс жеп, 2 жыл тісін тазаламаған әйел адам танымастай өзгерді

Тина осыдан бес жыл бұрын Рождество мерекесіне орай артық салмақтан арылғысы келіп, жеміс-жидек диетасын бастады. Диетаның алғашқы аптасы өткеннен кейін ол тек салмақтан ғана арылып қоймай, сонымен бірге өзін жақсы сезінетінін болған.

3 жыл бойы тек жеміс жеп, 2 жыл тісін тазаламаған әйел адам танымастай өзгерді

Бірақ, ол тамақтану тәртібін бірден түбегейлі өзгерте алмай, үш аптадан кейін бұрынғыша тамақтана берді.

Тина еуропалық тағамдардан бас тарту үшін ақыры Польшадан көшіп кетіп, Бали жағалауына барды. Мұнда ол өзіне қажетті жемістің бәрін тапты. Аралдың сұлу табиғаты мен түрлі жемістері Тинаны бірден баурап алды.

Сонымен қатар, ол жергілікті нарықта жеміс-жидектерді таңдап жүріп банан әуесқойы Симонмен танысты. Осылайша, ол жеміс-жидекті жаны сүйетін 26 жасар жігітпен бас қосты.

3 жыл бойы тек жеміс жеп, 2 жыл тісін тазаламаған әйел адам танымастай өзгерді

Үш жыл бойы жеміс-жидек жеген Тина осы аралықта 32 келі салмақ тастады. Бұған дейін қызықсыз өмір сүрген әйел қазір өзін жас сезінетінін және бақытты екенін айтты.

Бірақ ең таңғаларлығы Тина екі жыл бойы тісін тазамаған. Ол жеміс диеатысын ұстағанына үш болғаннан кейін профилактикалық тексеруден өтпекші болып, тіс дәрігеріне барды. Бірақ, оның тістерінің өте жақсы жағдайда екені белгілі болды және емделуге мұқтаж болмады.

 

Талқылау