Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)

Ер адам өзінің 3 жасар өгей қызын қонақ үй байссейніне лақтырып, судың астынан шығармай ұстап тұрған. Оның бұл әрекеті бақылау камераларының арқасында әшкере болды.

38A75CAD00000578-3800499-image-m-45_1474474104314

Адам шошырлық кадрлардан Хосе Дэвид Н.-нің кішкентай қызды байссейнге лақтырғанын көруге болады. Бейнежазба 2015 жылдың 12 тамызында мексикалық Мичоакан штатының Морелия қаласындағы қонақ үйінде жазылған.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Видеодан кішкентай қыздың жүзе алмайтынын көруге болады. Бүлдіршін судың бетінде қалықтап тұруға тырысқан кезде ер адам бейберекет қарап тұрған. Бір қызығы куәгерлер де көмекке келмеген. Қызды судан шығарып қайта лақтырған қылмыскер екінші жолы оған құтқару балонын лақтырады. Алайда әлсіреп қалған қыз оған жете алмаған.

Қылмыскер судың астында бүлдіршіннің шашынан тартып, біраз уақыт бойы оны тыныс ала алмайтындай күйде ұстаған.

Анасы қызының өлімі туралы байссейннен келгеннен кейін бір-ақ білген. Қонақ үйдегі бөлмесіне күйеуімен бірге кірген әйел теледидардың алдынан жансыз қалған қызының денесін көрген-ді. Бүлдіршін тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның көз жұмғанын хабарлаған. Ал өгей әке арада біраз уақыт өткеннен кейін ғана тұтқынға алынды.

Марқұмның анасы күйеуінің баласына деген қатігездігі туралы еш ойламаған. Тек бейнежазбаны көргенде оның қанды қол қылмыскер екеніне көз жеткізген. Бейне түсірілген уақытта әйел өз бөлмесінде ұйықтап жатқан.

Өткен жылы жарияланған жазба Оңтүстік Америка халқының наразылығын тудырды.

Сот барысында Хосе өгей қызының жүзе алмайтынын білмегенін мәлімдепті. Ал ауруханада қыздың суға батып, мерт болғанын білгенде таңданғандай сыңай танытқан. Дэвид бұл оқиғаға қатысты еш пікір білдірмеген. Есесіне қылмыскерді лайықты түрде жазалау үшін видео-дәлелдің өзі жеткілікті болып отыр.

38A75CBA00000578-3800499-image-a-70_1474474485618

Хуан Сальвадор Алонсо Мехиа, Ана Лилия Гарсиа Кардона және Ное Рейес Миллан судьялары кеңесіп, ер адамды бүлдіршінді қинап өлтіргені үшін айыпты деп тапты. Прокурорлар судьядан айыпталушыға 40 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраса, заң өкілдері бейнежазбаны көргеннен кейін қылмыскерге 100 жыл түрмеде отыру жазасын кескен. Сондай-ақ, қылмыскердің уақытынан ерте немесе шартты түрде босатылуына құқығы жоқ.

Қорғаныс тарабы кішкентай қыздың бассейннен тыс аумақта мерт болғанын айтып, жазаны жеңілдетпек болғанымен, олардың бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған.

Жіберіп алмаңыз: 

Мұғалім 5 жыл бойы кәмілетке толмаған 5 оқушымен секспен айналысып келген

Шымкентте 11 айлық сәби тәуіпке көрсеткеннен кейін қалшылдай селкілдеп шетінеп кеткен

Бұл азаматты ата-аналар пәк қыздарымен жыныстық қатынасқа түсіру үшін ақысына жалдайды (фото)

 

Талқылау