Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жасар баланы құтқарған Мұхамедәлі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Еске сала кетсек, жеткіншек сәуір айында Қазығұрт ауданында өзенге ағып кеткен 3 жасар қызды құтқарып, алғашқы көмек көрсеткен болатын.

бала

өзі оқитын мектеп ұжымы оқушылар алдында мақтап, марапаттады. Батыл оқушыға мектеп директоры алғыс хат табыстады.

Оқиға 1 сәуір күні болған. Түні бойы жауған нөсерден кейін Алтынтөбе ауылды округіне қарасты Қосағаш ауылы маңындағы шағын Қаржан өзені күрт тасыған. Ойнап жүрген балалардың арасындағы 3 жасар Ақбілек Серікбай суға құлап кетеді.

Бұл уақытта осы маңға жақын жерде  он жасар  Мұхамедәлі  мен әкесі мал бағып жүрген екен. Әкесі алысқа ұзап кеткен малды қайыруға кеткенде Мұхамедәлі балалардың шу ете қалған даусын естиді. Қараса, кішкентай қыз тасыған сумен бірге ағып бара жатыр.

«Ұлым дереу жүгіріп барып, көршінің қызын құтқарып қалды. Содан кейін шалқасынан жатқызып, кеудесін басқан күні суын шығарған. Демі тоқтап қалған қызға жасанды жолмен тыныс алуына көмектесіпті. Кейін мұның бәрін қайдан білесің деп сұрасақ, мектепте мұғалімдері алғашқы көмек көрсетуді үйреткенін айтты. Содан кейін Ютюбтан өзі іздеп, құтқару әдісін көріп алған. Мен өз ұлымды мақтан тұтамын!» дейді оның әкесі Ағыман Сманов.

Осылайша оқушы өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды аман алып қалған. Бүгінгі күннің жас батыры болашақта құтқарушы болуды армандайды. Мұхамедәліге көптен күткен медалін облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Александр Путейко тапсырып, құтқарушылар қатарына қосылуға ұсыныс та жасады, – деп хабарлайды otyrar.kz.

 

Талқылау