3 жасар Айлинді ұрғаны үшін айыпталып жатқан анасы сотта тізерлеп тұрып жалынды

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 18:21

Павлодарда өзінің 3 жасар қызын ұрып-соққан Нұргүл Докуоваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

65020

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Сот ісі ашық түрде мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Бүгін анасының қызын ұрған видеосының толық нұсқасы қаралды. Докуова бұл кезде экранға қарай алмады.

Ол қатты айқайлап, тізерлеп тұрып кешірім сұрады. Оның айтуынша, бұл бір кезде ғана болған жағдай.

«Мен жақсы анамын, сеніңіздерші, мен балаларыма қол көтермейтін боламын. Мені кешіріңіздерші, құдай үшін. Мен кінәлі екенімді білем. Бұл бір-ақ рет осылай болды. Менен балаларымды тартып алмаңыздаршы», – дейді Докуова.

Ол қыздарынсыз өмір сүре алмайтынын айтты.

Естеріңізде болса, Instagram әлеуметтік желісінде өз қызын аяусыз ұрып-соққан ананың видеосы пайда болған еді. Онда әйел жылап отырған қызын ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан. Видео жазбасында «анасы бұрынғы күйеуін бопсалау үшін өз қызын ұрып жатыр» делінген. Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. 1982 жылы туған Павлодар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш оқиғадан кейін Айлин балалар үйіне орналыстырылды. Одан кейін анасыел алдына шығып, істеген әрекеті үшін өкінетінін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі лаңкестердің 7-уі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


ана бала
8 күні 3 сағат кері

Кешірім беру керек. Балалар анасының жанында болу керек оның устине кыз балалар. Балалар анасын жаксы корип умтылса демек сүйеді.

Анонимно 20-19
7 күні 17 сағат кері

Ия кешірім беру карек,өкініп кешірім сұрап отыр ғой.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар