Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш ай бұрын жоғалған қыз әлеуметтік желіде танысқан ер адаммен қашып кеткен

Кәмілеттік жасқа толмаған қыз әлеуметтік желіде 30 жастағы азаматпен танысып кездескен. Ата-анасын тастап сол жігітпен басқа облысқа кете барған.

girl2711

Бұл туралы STAN.KZ Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметін сілтеме жасап хабарлайды

Ақмола облысында осыдан 3 ай бұрын жоғалған 13-жасар қыз бала әлеуметтік желіде танысқан ер азаматпен қашып кеткен. Деректерге сәйкес, жас қыз тамыздың 24-күні үйінен шығып кетіп, содан бері ешқандай ақпарат болмаған. Полицейлер қызды Жамбыл оьлысы, Талас ауданына қарасты Тамды ауылынан тауып, үйіне алып келді.
Азаматтың айтуы бойынша, олар өзара келісіп, басқа жақта бірге тұратын болған. Жоғалған қыз 16 жасқа толмағанына байланысты азаматқа қандай шара қолдану керектігі қарастырылып жатыр.

Талқылау