Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жүргізуші көлігімен полицейді қағып, дәріхананы соққан

Қарағанды облыстық ІІД көліктің дәріхананың баспалдағына шығып кетуіне байланысты оқиғаға мәлімдеме жасады, Казинформ деп хабарлайды.

20151113121404

«13 қарашада түнде Қарағанды облыстық ІІД арнайы мақсаттағы «Арлан» құрылымы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының қызметкерлері Қарағанды тұрғынынан келіп түскен ауыр қылмыс жайлы хабар бойынша тиісті шараларды атқарды.

Ішінде күдікті болған «Мазда» көлігін Зональная көшесінде тоқтату кезінде жүргізуші арнайы мақсаттағы «Арлан» құрылымының қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді. Көлік құралын тоқтату үшін, заңға сәйкес, ескерту ретінде екі рет ауаға және екі рет көлік доңғалағына оқ атылды. Жүргізуші көлікті басқара алмай, бағаналардың біріне соғылып, кейін Мир көшесіндегі дәріханалардың бірінің баспалдағына соғылды», – делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 379-бабы бойынша Қарағанда облыстық ІІД сот алдындағы тергеудің біріңғай реестріне енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Прокуратура полиция қызметкерлерінің қаруды пайдаланудың заңдылығын тексеріп жатыр.

Талқылау