28 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Бейсенбі, 28 Шілде , 2016 11:13

Бүгінгі күнге қатысты астрономия әлемінің де айтар өз сыры бар. Бұл сіздің күнді айқындап, жоспарлауыңызға мүмкіндік береді. Ендеше, бейсенбі, 28 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалмен таныс болыңыздар.

57990bec89d49

Тоқты
Күтпеген жағдайға дайын болыңыз. “Келісіп пішкен тон келте болмас” дегендей өзіңіз сенім артқан адамдарыңыздың ақылына құлақ асыңыз. Ешкімге уәде бермеңіз. Қандай жағдай болса да сабыр сақтаңыз.

Торпақ
Өміріңізде жағымды жаңалық болады. Жаңа келісімге келуіңіз мүмкін. Алға құрған жоспардың жемісін көресіз. Көңіліңіз қаламаған кездесулерден бас тартыңыз. Бұл ең табысты күніңіз болмақ.

Егіздер
Үйдегілеріңізбен арада түсінбестік туындауы мүмкін. Өзіңіздің еңбегіңізді тым асыра бағалаудан сақ болыңыз. Бүгін маңызды жобаның сәті түсіп тұр. Шешім қабылдауда көп ойланудың қажеті шамалы.

Шаян
Күн қарбалас басталады. Жаңа идеялар туындауы мүмкін. Жан-дүниеңіз арпалысқа түсіп, аласапыран күй кешесіз. Достарыңызбен бас қосыңыз. Кітап оқып, жаныңызға рух беретін іспен шұғылданғаныңыз абзал.

Бикеш
Кез-келген қиындықтарды абыроймен шешуге қолайлы күн. Артық энергия жұмсауға құлшынбаңыз. Қаражат мәселесін де байыптап, әмияныңызға салмақ түсіруден абай болыңыз.

Арыстан
Болашаққа сапар шегіңіз, алдағы жарқын күндеріңізді елестетіңіз. Өміріңізге шырай береді-ау деген жақсылықтарды осы жылға жоспарлаңыз. Сізді дос-жаран, ағайын-туыс қос қолын көтере қолдайтынына сеніңіз.

Таразы
Үй шаруасына, отбасыға көңіл бөліңіз. Жиһаз ауыстыру, жөндеу жүргізу сияқты ұсақ-түйекпен айналыссаңыз да ұтылмайсыз. Бір сәт сүйікті жарыңыздың көңілін аулап, дем алып қайтудың сәті түсіп тұр. Ал бойдақтар күнді өте керемет көңілмен өткізеді.

Сарышаян
Алда күтпеген қаржылық қиындықтарға тап болуыңыз ғажап емес. Сондықтан әліптің артын бағыңыз. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Дәрігерге қаралып алсаңыз, артық болмас. Қолайсыз ауа-райында далада көп жүрмеңіз

Мерген
Тек өз күшіңіз бен ақылыңызға жүгініңіз. Бүгін сізге жүктелген жұмыс басыңыздан асып түседі. Ұтымды ұсыныс болуы мүмкін. Достарыңызбен ақылдасып, өзіңізге ыңғайлы шешім қабылдаңыз.

Тауешкі
Қиялыңызға ерік беріңіз. Шабытыңыз шалқып, естен кетпес оқиғаға тап боласыз. Орындалуы мүмкін емес сияқтанған армандар жүзеге асады. Мерейіңіз өсіп, қуанышқа кенелесіз.

Суқұйғыш
Бүгін көңіліңіз нені қалайтынын анықтап алыңыз. Қандай бір істі тындыру барысында қателікке жол беруден сақтаныңыз. Қордаланған проблемаларды шешуге қолайлы күн.

Балықтар
Жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Ең батыл жоспарларыңызды іске қосыңыз. Жанашыр жандар жаныңыздан табылатын күн. Аяқтан шалушылар да кезігуі мүмкін. Бірақ оған алаң болмай-ақ қойыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар