Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

27 жастағы жігіт Қазақстанның жыл мұғалімі атанды

Павлодарда химия пәнінен сабақ беретін Алмас Ордабаев республикалық “Үздік педагог 2016” байқауында жеңімпаз атанды.

20160927204704

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақ-түрік лицейінде дәріс беретін Алмастың аты өңірге белгілі. Ол ұстаз ретінде үнемі облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегерлер қатарында келеді. Әрі оқушылары да республикалық, халықаралық білім бәйгелерінде Алмасты жерге қаратқан емес. Төрт жыл ішінде ол тәрбиелеген оқушылар түрлі халықаралық жарыстардан 18 медаль иеленіпті.

Өскемендегі қазақ-түрік лицейін тәмамдаған Алмас, кейін білім жолын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жалғастырған. Оқу орнын бітірген соң ғылыми зерттеумен айналысыпты. Алайда екі жылдан соң мектепте жұмыс істеу бағытын таңдайды.

“Мен ұстаздық қызметті де шығармашылық сала деп санаймын. Сабақ бере білу, оқыту – бұл ғылым. Менің химияға деген махаббатым 2003 жылдан басталған. Кей кезде уайымға салынып, көңіл-күйім түскенде химиялық есептер шығарып, жеңілдеп қаламын”, – дейді ол.

Заманауи мұғалімге тән қасиеттерді бойына сіңірген Алмас ағылшын тілін өте жақсы меңгерген. Шәкірттерін түрлі жарысқа дайындау кезінде қазақ, орыс тілдерін де қатар пайдаланады.

Оқи отырыңыздар:

Президент келерде жанталасқан қызылордалық шенеуніктердің көзбояушылығы жұртты ашуландырды

Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы, қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады

ЖКО-ға себепкер болған полицей қазақстандықтардың жүрегін ауыртты

Талқылау