Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасыл Әубәкіровтың анасы оны ұрлап кеткендерге өтініш айтты

Жоғалған Астана Медициналық университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровтың анасы ұлын ұрлап кеткен болуы мүмкін жандарға қаратып мәлімдеме жасады. Бұл туралы жігітті іздеуге арналған Инстаграмдағы ресми парақшада хабарланды.

e70920453916c0db5abe2f1c3e6eefc7

“Оны біреу ұстап тұрса, егер ол сіздерге қарыз болса, онда ол шағым жазбайды. Ол қарызды қайтарып, Ерасылдың барлық уәдесін орындайды”, – Ерасылдың анасымен жүргізілген 20 минуттық әңгіменің үзіндісін парақшаның әкімшісі келтірді. Ана ұлының тірі екеніне үлкен үміт артып отыр.

Пожалуйста🙏🏼🙏🏼🙏🏼 #мирнебездобрыхлюдей #erasil_vernis

Фото опубликовано Аубакиров Ерасыл (@erasil_vernis)

Еске сала кетейік, Ерасыл Әубәкіров 3 ақпаннан бастап туыстарымен және жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол үстіне қошқыл-көк түсті қысқы күрте, қоңыр түсті құлақшын киген.  Бойы шамамен – 175-180. Салмағы  70-75 келі.

Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса: 8 747 024 81 29 (Ерасылдың әкесі) және 8 707 143 94 25(Диас Жұмаділов – жоғалғанның досы) телефондарына хабарласуды сұрайды.

Талқылау