Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 жастағы жапон жігіті науқастарға шабуыл жасайтынын алдын-ала ескерткен

Жапонияда 19 адамды пышақтаған 26 жастағы жігіт ауруханаға шабуылдайтынын алдын-ала ескерткен.

10_wide

Фото: xn--j1aidcn.org

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Оның бұрынғы әріптестерінің бірінің айтуынша, Сатоси Уэмацу ақпан айында ауруханада емделіп жатқандарды өлтіруді жоспарлап жүргенін айтқан. Алайда, оның бұл әңгімесін әзіл көріп, мән бермеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сатоси Уэмацу ауруханаға баса-көктеп кіріп, науқастарды пышақтап тастаған. Уэмацу 2016 жылдың ақпан-наурыз айларында осы клиникада емделген. Сол уақытта ол марихуана шегіп жүрген. Мұны қанына талдау жүргізген дәрігерлер айтып отыр.

Талқылау