Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 жастағы көп балалы ана есірткі сатқаны үшін қамауға алынды

Есірткі саудалағаны үшін сотталған бес баланың анасы он жылын түрмеде өткізеді. 26 жастағы Наргүл Әлиеваға мұндай үкімді Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істерді қарайтын соты шығарды.

56df9808d3305524908603cb36d7134f

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Наргүл Әлиева осы жылдың қаңтар айында есірткі өнімдерін тасыды деген күдікпен ұсталған. Наргүл мен оның қарт анасы арнайы операция кезінде қолға түседі. Қапал батыр көшесіндегі үйлердің бірінде есірткі өнімі туралы ақпаратты ести сала іске кіріскен облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері олардың тура үстінен түскен.

Наргүл ол кезде бесінші баласына жүкті болған. Ол сәбиін тергеу изоляторында жатып өмірге әкелді. Наргүл мен оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бірінші кезекте оларға есірткі сақтап және тасылмалдағаны үшін айып тағылды. Алайда анасының денсаулық жағдайына байланысты оған қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске жіберілді. Екі айдан соң күдікті көз жұмып қылмыстық іс тоқтатылды.

Сот отырысында әйел қылмыстық бизнеске анасының қатысы жоқ екенін, тек бір мәрте ғана өзінің өтінішімен анасының бейтаныс адамға пакет апарып бергенін айтқан. Әйтсе де сот Алиевалардың кінәсін бұлтартпайтын дәлелдерді алға ұсынды. Наргүлдің өмірге келген бесінші баласына байланысты адвокаты шартты түрде жазалауды сұраған. Алайда сот айыптауының ауырлығына байланыстыбұл өтініш қанағаттандырылмады.

Судья Абинур Қарабаев Наргүл Әлиеваны кінәлі деп тауып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырып және мүлкін тәркілеуге, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге шешім шығарды. Заңды мерзім ішінде шешімге қарсы өтініш түсіруге болады.

Талқылау