256 жыл жасаған қытайлық ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтып кеткен

Дүйсенбі, 30 Мамыр , 2016 11:48

Ли 500-ден аса жыл өмір сүрген адамды да кездестірген екен. Оған ұзақ өмір сүруді үйреткен де сол секілді. Ұзақ өмір сүруге көмектесетін демалу жаттығулары мен диеталарды үйреткен.

п

Сурет: fithacker.ru

Ли Цинъюнның 256 жыл өмір сүргені жайында журналистер мен ғалымдар зерттеп көрген. 1930 жылы New York Times басылымына жарияланған мақалада Ченгду университетінің профессоры Ву Чунг 1827 жылы Қытай Империясының Ли Цинъюняды 150 жасқа толған туған күнімен құттықтаған хаты табылғанын айтқан. Сондай-ақ, 1977 жылы қарияны 200 жасымен құттықтаған жазба да табылған.

Ли Цинъюнь 10 жасынан бастап емдік шөптерді жинаған. Ол шөптердің ұзақ өмір сүруге пайдасы боларын білген. Өзі емдік шөптерді сатумен айналысқан. 40 жыл бойы шөптік диета ұстанып, каклинчжи, годжи сынды жидектермен, адам тамырмен коректенген. 1749 жылы 71 жасында ол Қытай әскери қатарына қосылып, жауынгерлік әдістерді үйретуші мұғалім ретіне дәріс берген. Ол 23 рет үйленіп, 200 баланың әкесі атанған.

Li-Ching-Yuen

Сурет: healthymotivator.com

Ли 500-ден аса жыл өмір сүрген адамды да кездестірген екен. Оған ұзақ өмір сүруді үйреткен де сол секілді. Ұзақ өмір сүруге көмектесетін демалу жаттығулары мен диеталарды үйреткен.

«Мен бұл өмірде жасау керектің бәрін жасадым. Енді үйіме қайтып барам», – деген екен Ли өлер алдында.

Бірде Лиден ұзақ жасаудың сырын сұрағанда: «Жүректі тыныштықта сақтаңдар. Тасбақадай отырыңыздар, көгершіндей сергек жүріп, ит секілді ұйықтаңыздар», – депті.

Ли ішкі жан дүниенің тыныштықта болуы, демалу жаттығуларын жасау ұзақ өмір сүрудің негізгі құпиясы екенін айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-дағы отағасы 104, жұбайы 96 жастағы қариялар ұзақ жасаудың сырымен бөлісті

102 жастағы британдық әжей ұзақ өмір сүрудің сыры – үнемі құшақтасу мен сабырлы болу екенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар