2500 қазақстандық Түркиядан бері қарай ұшып шығуды күтіп тұр

Сенбі, 16 Шілде , 2016 15:25

Түркиядан Қазақстанға қарай 2500 қазақстандық азамат тез арада оралуы тиіс. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму вице-министрі Берік Қамалиев хабарлады.

1414

Сурет img-fotki

Оның айтуынша, Қазақстаннан Түркияға ұшатын рейстер кешкі сағат 7-ге дейін тоқтатылды. Сол уақытқа дейін тоғыз әуе компаниясының 13 рейсі шегерілген. Қазақстаннан Түркияға ұшуды күткен азаматтар саны – 2300.

“Біз Астана, Алматы, Орал, Қарағанды және Ақтау қалалары әуежайындағы 13 рейсті тоқтаттық. Жолаушылар саны 2300 адам. Бұл тоғыз әуе компаниясының арасында қазақстандық “Эйр Астана”, “СКАТ” және төрт түрік компаниясы бар. Біз сыртқы істер министрлігімен келісіп, рейстерді 19:00-ге дейін кешіктіріп отырмыз. Сағат 16:00-де оқиға туралы қосымша хабарлаймыз”, – деді Қамалиев.

Вице-министр Түркияның әр түкпіріндегі 2500 қазақстандықтың бүгін-ертең елге оралатынын айтты. “Егер әуежайлар қалыпты жұмыс кестесіне оралса, онда жолаушылар өз рейстерімен елге ұшып келеді” деді ол.

Еске сала кетсек, Түркия билігі елде әскери төңкеріс әрекеті болғанынмәлімдеген. Қайтыс болғандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар екені туралы ақпарат түспеді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркиядағы ел азаматтарын халық көп шоғырланған орындарға бармауға және барынша сақтық жасауға шақыруда.

Бұған дейін Түркия президенті Ердоған арнайы мәлімдеме жасап, ұйымдастырушылардың қатаң жазаланатынын айтқан болатын.

Қазіргі таңда елімізден Түркияға ұшатын барлық әуе рейстері шегерілді және Түркиядағы қазақстандықтар үшін маңызды телефон нөмірлері жария етілді. Сондай-ақ, Ыстамбұлдағы “Хабар” тілшісі Түркиядағы жағдай туралы баяндап берген болатын.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Марат says:

    Ертерек рейстерді ашып қандастарымыз аман-есен елге оралса екен!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар