Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 жастағы Қазақстан тумасы Ресейде үй алу үшін өз ұлын сатпақ болған

Ресейдің Липецк қаласында Қазақстан тумасы, 25 жастағы жігіт, үй алмақ болып өз ұлын 1 жарым миллион рубльге сатпақ болды.

Father and son holding hands

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ер адам бұл жайлы ғаламторға хабарландыру жазған. Хабарландыру бойынша келіспек болып жігітпен полицей хабарласып сөйлескен. Енді жас әке 4,5 жылға бас бостандығынан айырылады.

«Айыпталушы ұлын жақсы отбасына бергісі келгендіктен осындай әрекетке барғанын айтып ақталды. Оны әйелі тастап, Қазақстанға оралған», – делінген РФ Липецк облысы бойынша тергеу басқармасының хабарламасында.

Светлана Абдрашитова

Жіберіп алмаңыз:

Балқаш тұрғыны туған ұлын 30 мың теңгеге сатпақ болған

Алматыда бір жасар қызын сатпақ болған әйел ұсталды

Талқылау