Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 жастағы футболшы Рамазан айының құрметіне түрмедегі 40 тұтқынның қарыздарын төлеп, бостандыққа шығарды

Нигериялық «Лестер» футбол клубының шабуылшысы Ахмед Мұса Нигерияның 40 тұрғынын Кано қаласының түрмесінен босатты.

25 жастағы футболшы Рамазан айының құрметіне түрмедегі 40 тұтқынның қарыздарын төлеп, бостандыққа шығарды

Бұл туралы sport-express.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шабуылшы Кано қаласындағы бірнеше түрмелерді аралаған кезде, онда өз қарыздарын өтей алмай, абақтыда жатқан тұтқындар туралы білген.

26 жастағы футболшы Рамазан айының құрметіне түрмедегі 40 тұтқынның қарыздарын төлеп, бостандыққа шығарды

Қарыздарын өтеуге қаражат таба алмай, соның салдарынан түрмеге қамалған азаматтардың жағдайын естіген футболшы олардың қарыздарын өтеп, бостандыққа шығарған.

Ол қайырымдылық шарасын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жасаған екен.

Сондай-ақ, спортшының жеке парақшасында оның құжаттарға қол қойып отырған суреттері жариянды. Бұны көрген жанкүйерлер қара нәсілді азаматтың кеңпейілділігіне таңдай қақты. Сонымен қатар, желі қолданушылар Мұсаның Ресейде өтетін әлем чемпионатына және басқа да жақсылықтарда сәттілік тілеп, ол үшін дұға етеміз, деп жазуда.

25 жастағы футболшы Рамазан айының құрметіне түрмедегі 40 тұтқынның қарыздарын төлеп, бостандыққа шығарды

Айта кетейік, Мұса Нигерияда қайырымдылық жұмыстарын бұрыннан жүргізіп жүрген спортшы ретінде танылған. Әдетте, ол елдің түрлі қалаларындағы жағдайы нашар отбасыларға азық-түлік пен ақшалай көмек беріп тұрады. Жақында ол кедейлерге өзінің суреті бейнеленген үш мыңға жуық қап күріш сыйлаған.

25 жастағы футболшы Рамазан айының құрметіне түрмедегі 40 тұтқынның қарыздарын төлеп, бостандыққа шығарды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау