Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта – жылдам шешілуі тиіс шаруаларды қолға алуға ыңғайлы. Ойға алған істеріңіздің барлығын жүзеге асыруға тырысып бағыңыз.

b13a06272a8205ba072e157afec0f400

Тоқты. Апта сіз үшін өте жақсы болмақ. Апта басында оқу мен білім алуыңызда жетістіктерге жетсеңіз, ортасында қолға алға жұмысыңыздың барлығы жемісін береді. Демалыс күндері жалғыз қалмауға тырысыңыз, себебі дәл осы күндері жан досыңызбен көрісуіңіз алдағы аптаға жетерлік көңіл-күй сыйлайды.

Торпақ. Дүйсенбі, сейсенбі күндері ерекше белсенділік танытып, бар күшіңізді жұмсамағаныңыз жөн. Алайда сәрсенбі күні бәрі де өзгереді: басымдылық көрсетіп, жоғары орындарға ұмтыла аласыз. Ол нәтижесін де бермей қоймайды. Ал демалыс күндері белсенді болыңыз. Тіпті, жұмыс істеуіңіз керек болса да бас тартпағаныңыз дұрыс.

Егіздер. Бәлкім дәл қазір айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңыз қиындағын шығар. Десе де олардың әзірге басым салмақ иесі екенін естен шығармаңыз. Керек кезде иіліп, жылы шырай танытыңыз. Ол арқылы басыңызды көптеген қиындықтардан арашалайсыз. Апта ортасында аса сабырлы болыңыз. Ал демалыс күндері мәдени орындарда демалып қайтқаныңыз дұрыс болмақ.

Шаян. Жұмыстан қашқақтағаныңызды ешкім де байқамауы мүмкін. Аптаның алғашқы күндері сізді қуанта бермейтін, алайда күш салуыңызды талап ететін жұмыстарға толы болмақ. Сондықтан апта ортасында ұжымдық істерге ден қойып, адамдарды жақын тартыңыз. Сенбі, жексенбіде кез-келген экстремалдық спорт және ойын түрлерінен бас тартқаныңыз ләзім.

Арыстан. Шығармашылық әлемге дендесеңіз, апта айтарлықтай жақсы басталады. Ескерте кетер жай, балаларды мұқият қадағалап, оларды ұсақ-түйек үшін жазаламаңыз. Апта ортасы сізден белсенділікті талап ететін шаруаларға толы болады, сондықтан босаңдық танытпаңыз. Ал демалыс күндері – сүйіктіңізбен уақыт өткізу үшін таптырмас уақыт.

Бикеш. Апта басында қызметіңізіде жетістіктер күтілмейді. Сол себепті басы артық шаруаларды шетке ысырып, отбасыңыз бен балаларыңызға айрықша назар аударғаныңыз абзал. Алайда тым шектен шығып, жұмысыңызды мүлдем ұмытып кетпеңіз. Апта ортасы демалуға қолайлы болғанымен, істеген жұмыстарыңыз да өнімді болуы мүмкін.

Таразы. Алғашқы күндері көшеде абайлап жүріңіз. Оған қоса, дәл осы күндері сапарға шығуыңыз мүмкін. Апта ортасы тыныш әрі жайлы болмақ. Сондықтан өзіңізді толықтай үйіңіз бен отбасыңызға арнай аласыз. Ал демалыстарда қуанышты жағдайлар күтілуде.

Сарышаян. Апта сізге сәттілік пен толайым табыстар әкеледі. Бұл күндері белсенді қызмет атқарумен қатар, қалтаңыз да айтарлықтай қалыңдайды. Ал апта ортасында сансыз телефон қоңырауларына жауап беруге дайын болыңыз. Демалыс күндерін отбасыңызға арнағаныңыз жөн.

Мерген. Сіздің бойыңызда тау қопарарлық күш-қуат жетерлік. Бастаған ісіңізге ешкім де кедергі келтіре алмайды. Мұндай қарқынмен апта соңына дейін жұмыс істеп, талай іс тындыра аласыз. Алайда апта ортасы қаржылық қиындықтарды шешуге өте қолайлы уақыт боларын есте ұстаңыз. Демалыста туыстарыңызды аралап, қонаққа барғаныңыз дұрыс.

Тауешкі. Әдетте тауешкілер мақсатына жетпей тынбайтын қасиетімен ерекшеленгенімен, дүйсенбі және сейсенбі күндері күшіңізді сақтап, екінші орында бола тұрғаныңыз ләзім. Әйтпесе, бойыңыздағы күш-қуат апта соңына дейін жетпей қалуы мүмкін. Сәтті күндер сәрсенбіден басталмақ. Осы күннен бастап маңызды істерді қолға алуыңызға болады. Ал демалыс күндеріңіз апта басындағыдай емес, керісінше белсенді өтеді.

Суқұйғыш. Апта суқұйғыштар үшін жағымсыз әрі барлығы ойдағыдай бола бермейді. Жоспарлаған істеріңіз болса, дүйсенбі, сейсенбі күндері жүзеге асыруға тырысыңыз. Сәрсенбі мен жұма аралығында бастаған кез-келген жұмысыңыз сәтсіздікке толы болуы мүмкін. Бұл уақыт аралығын ұтымды пайдаланып, тынығып алғаныңыз абзал. Жұманың кешінде жағдай өзгеріп, демалыстарыңыз тосын әрі қуанышты хабарлар әкеледі.

Балықтар. Ал балықтардың бұл аптада аянбай тер төккені дұрыс. Себебі апта басынан-ақ айы оңынан туып, қызметінде оларға жетер жан болмайды. Егер апта соңында күшіңіздің сарқыла бастағанын сезсеңіз, достарыңыздың көмек қолын ұсынарын біліңіз. Демалыс күндері өзіңізге қолайлы жағдай жасап, тыныштықта демалғаныңыз жөн.

Талқылау