Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

24 желтоқcан күні Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.

134166cb565c38c26ce17134166cb565c38c26ce17134166cb565c38c26ce17

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман,көктайғақ бақыланады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 17-22, түнде екпіні 30 м/с-тан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, күндіз кейбір жерлерінде тұман болады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан ооблыстарыда жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының  кей жерлерінде бұрқасын бақыланады, желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетіп, тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с күшеюі күтіледі.

Талқылау